Қазақ Ислам Банктері заңнамалық өзгерістерді күтуде
Қазақстандық банкирлердің несие дағдарысынан кейінгі бір жылды сараптауға арналған басқосуында әлемдік қаржы кризисі ислам банктерінің өтімділігіне еш әсер етпегені белгілі болды. Мұсылман елдеріндегі қаржы жүйесін зерттеген бірнеше қазақ банктері биылғы жылдың аяғына қарай шариғат жолымен жалпы жұртқа қызмет көрсетуді бастамақ.
Мамыр айында Мысырда өткен Халықаралық экономикалық форумда Елбасымыз бірлескен исламдық қаржыландыру банкін құру бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойған болатын. Нәтижесінде «Қазына» тұрақты даму қоры (ор.) мен Qatar Islamic Bank бірлесіп бастапқы капиталы 100 млн. АҚШ доллары болатын Ислам банкін ашу жөнінде уағдаласқан (ағыл.). Оның құрылтайшылығына Qatar Islamic Bank пен қазақстандық операторлардың қоры «Kazyna Capital Management» кіреді. (ещё…)




.jpg)



