Э.Шеварднадзе Астананы көргісі келеді
Гүлнәрдің блогын оқып отырмын. Керемет бір мақала жарияланыпты. Әсіресе мына бір тұсы ерекше әсер етті. Әсіресе қазіргідей шиеленіскен жағдайда. Назарбаев қанша дегенмен түбі Абхазия мәселесі ұшпаққа ұрындыратынын алдын ала сезген екен ғой…
Э.Шеварднадзе: Жас кезімде тың игеруге Қазақстанға екі рет барғам. Алғашқыда тың игеруге 2000 адам қатысса, кейінгісінде адам саны 6000- ға жетті. Қостанайдан Тбилисиге мотоциклмен 20 күнде жеттік. Күз енді басталған. Біз Оралдан өткен кезде күн суи бастаған еді
Сіздердің президенттеріңізді аса құрметтеймін. ТМД шеңберінде бірлесіп жұмыс істедік. Ол менен Грузияны ТМД-ның қатарына кіргізуімді сұраған. Осы ТМД мемлекеттері басшыларының кездесулерінде жылына екі рет кездесуші едік. Өзара толық түсіністікте жұмыс істедік. Ол Ельцинді абхаз мәселесін шешу жөнінде біраз үгіттеген. Каримов пен Кучма да Назарбаевтың бұл мәселе жөніндегі ұсынысын қуаттаған.
Бұрынғы астаналарыңыз Алматыда үш күндей болғам. Менің аңшыға тән айла- амалдан жұрдайлығыма қарамастан, аңға шығуға шақырған. Жаңа астаналарыңызда болып үлгірмедім. Бірақ, президенттеріңіз Астанаға келіп қайтуға шақырған. Мені Астана өте қызықтырады.
толығырақ мына жерде


.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)


