Click for latest discussions

KazSat табылды!

Автор Askhat | в Байқоңыр | ноябрь 6th, 2008
метки: нет меток

Қазақтың ғарышта жоғалтқан 65 млн. доллары қайта табылды.

Шалажансар темір қазақ даласынан қанаттанып ұшқанымен, ғарыштағы кеңістікке бейімделе алмаған. «ҚазСат» жердегі басқару орталығынан жіберілген белгілерге жауап бермей, өз бетінше қалықтап ұшып жүр. Қазақтың 65 млн. АҚШ доллары желге ұшты деп өкінген едік…

«Басты қателік - сынақтық-тәжірибелік платформаның таңдалуы. Ресейліктердің де еш кінәсі жоқ, біз қандай жер серігіне тапсырыс берсек, олар соны ғана жасап берді. Сенімді әрі тиімді платформаны емес, арзан тәжірибелік нұсқаны таңдаған өзіміз», -

деген еді сол кезде  ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Мейірбек Молдабеков. Талғат Мұсабаев болса: «Ғарыш агенттігі спутник ұшырылған соң құрылды. Менің ойымша негізінен әу баста Ресейліктермен келісім-шарт дұрыс жасалмаған», – деп өзіне төнген қауіптен басын ала қашқан. (ещё…)

Барак Обама бұл сайлауда сөзсіз жеңеді

Автор Gulnar | в Сайлау, Халықаралық саясат | ноябрь 5th, 2008
метки: нет меток

«Барак Обама  бұл сайлауда сөзсіз жеңеді.  Коллегиядағы 538 дауыстың 310-315-не, сайлаушылардың 60 пайыздық даусына ие болады», дейді Томас Манн,  американ сайлау жүйесінің білгірі. АҚШ президенті атану үшін кандидат 538 дауыстың кем дегенде, 270-не ие болуы керек.

Жеңіп қана қоймай, оның президенттік мерзімі кезінде, Конгрессте де Обаманың партияластары:  демократтар басым орын алады. «Франклин Делано Рузвельттен бері ондай мүмкіндікке ешбір демократ- президент ие бола қойған жоқ еді» дейді Манн.

Манның болжамы бойынша, Сенаттан демократтар 17  орынды артығымен алса, ал өкілдер палатасында 20 демократ көбірек болмақ.

(ещё…)

Сайлаудағы идеологиялық әсер

Автор Gulnar | в Сайлау, Халықаралық саясат, Саясат | ноябрь 4th, 2008
метки: нет меток

АҚШ бүгінде, идеологиялық түрде  екіге жарылып отыр, дейді профессор Джозеф Уайт. «Әрине, коммунизмнің капитализмге  деген қарсылығы сияқты емес, дегенмен, демократтар мен республикалықтар арасы қатты ажырап кетті» дейді ол.

Екі партия сайлаушылардың 45-45 % пайызынан дауысқа ие болса, қалған 10 пайызы кімге дауыс берерін білмей абдырап қалады екен. Сайлаудың басталуына бірнеше сағаттар қалғанымен,  зерттеулерге қарағанда, әр штатта 4-5 пайыз кімге дауыс беретінін әлі шеше қоймаған. Мәселен, Огайо штатында,  респонденттердің  49 % Обамаға дауыс береміз десе, 46% МакКейнге дауыс береміз деген. Ал сайлаушылардың 3 %  әлі кімге дауыс берерін білмейді.

(ещё…)

АҚШ сайлауындағы діни фактор

Автор Gulnar | в Сайлау, Халықаралық саясат, Саясат | ноябрь 4th, 2008
метки: нет меток

Діни фактор бұл сайлауда біраз жаңғырыққа ие болды. Алдымен, Обаманың бұрынғы пасторы Джереми Райттың «God damn America» (Американы қарғыс атсын) деген сөзі  америкалықтар арасында кеңінен тарады.  «Ақ Үйге барғысы келетін адам қалайша мұндай сөз айтқан адаммен рухани қатынаста бола алады» деп,  осы сөзді МакКейннің сайлау кампаниясы сайлаушыларды Обамадан бездіру үшін пайдаланды. Әдетте, америкалықтар  «God bless America» (Американы Құдай жарылқасын) дейді.

(ещё…)

АҚШ сайлауындағы нәсілдік фактор

Автор Gulnar | в Сайлау, Саясат | ноябрь 4th, 2008
метки: нет меток

 «Америка қара нәсілді азаматты президент етіп  сайлауға дайын»  дейді, Вашингтондағы  Pew Research Center  әлеуметтік  зерттеулер институтының директоры   Скот Китер. Оның айтуына қарағанда, бүгінгі АҚШ бұдан 20 жыл бұрынғыдай емес, әжептеуір әлеуметтік либералды бағытта. «Жастар  үшін кісінің  түсі  аса маңызды емес» дейді ол.

(ещё…)

Этникалық америкалықтар кімді қолдайды?

Автор Gulnar | в Сайлау, Ұлттық идея, Халықаралық саясат | ноябрь 4th, 2008
метки: нет меток

«Ол өзгеше, біз оны сол үшін де қолдаймыз» бұл пікірді Кливленд, Огайодағы  этникалық топ өкілдерінің аузынан жиі естуге болады. Өзгеше адам—сенатор-демократ Барак Обама.

Егер этникалық топтар өзгеше деген сөзді Обаманы жақын тартып айтатын болса, республикалық  партия  өкілдері бұл сөзді сайлаушыларды демократ  кандидаттан алыстату үшін пайдаланады.

АҚШ вице-президенттігіне үміткер Сара Пэйлиннің сайлаушыларымен кездескен кезінде «Ол өзгеше. Ол біз сияқты емес» деп Барак Обама туралы айтқан  пікірі, этникалық топтардың шымбайына батыпты.

«Бұл сөзі арқылы Пэйлин нені аңдатқысы келді? Обаманың нәсілінің  өзгешелігін бе, жоқ әлде,  оның құндылықтарының  өзінікінен ерекшеленетіндігін бе?» деп таңданады араб нәсілді америкалық Нәдір Мехур Мұстафа. Нәдір Мұстафа үшін Обама шындығында да өзгеше. «Не үшін өзгеше?» деп сұраймыз біз. «Жо-жоқ, мен оны нәсіліне бола қолдамаймын. Алайда, нәсілінің өзгеше екендігі онсыз да айқын ғой. Оны  ескермеу мүмкін емес. Бірақ, мен үшін өзгешелігі оның ерекшелігінде, оның ұстанған бағытының ерекшелігінде. Ол мүлде басқаша» дейді Нәдір Мұстафа.

Гүлнәрдің фотосы
Джулия мен Надир


Нәдір Мұстафа палестин текті араб. Ата-анасы  әлі күнге дейін  Сауд Арабиясында тұрады. Өзі американ азаматы. Оның айтуынша,  америкалық мұсылмандар негізінен, республикалық партияның қолдаушылары болған. Бірақ, 2001 жылдан бастап  Буш әкімшілігінің жүргізген саясатынан көңілі қалған мұсылмандардың саяси бағыты өте қатты өзгерген. «Соңғы жылдары мұсылмандар қатты сынға  түскендіктен, көзқарастары да өзгерді. Қазір, консерватор- республикандықтардан гөрі, либерал-демократтар бізге әлденеше жақын» дейді ол.

(ещё…)

Америкалықтар Обаманы неге қолдайды?

Автор Gulnar | в Сырт көз, Сайлау, Ұлттық идея, Халықаралық саясат | ноябрь 4th, 2008
метки: нет меток


Еврей ұлтының өкілі Нина Уэйннің  Обаманы болашақ президент ретінде қабылдауы араб Нәдір Мұстафаның ойымен сәйкес келеді.

«Ол өзгеше. Оның көзқарасы өзгеше. Ол керемет.  Мен оны сондықтан да қолдаймын»

дейді Нина. Республикалық-еврейлер Обаманың  мұсылман әлеміне жақындығы жайлы ақпарат таратып, оның Иран хақындағы позициясын талқылап жатқанда,  Нина күйеуі Норман Уэйн екеуі еврей қауымдастығына арнап, жолдау жолдапты. «Сенатор Обаманы қаралап жатқанда біз үн- түнсіз отыра алмаймыз» деп басталады олардың жолдауы. «Jews News» газетінде жарияланған бір беттік жолдау үшін 2 мың АҚШ долларын төлепті.

Негізінен, Американ Еврей комитетінің сауалнамасына қарағанда, еврейлер, дәстүрлі түрде демократтарды жақтайды екен. Саны жағынан аса көп болмаса да,  Кливлендтегі еврей қауымдастығы  ықпалды болып есептелінеді.

Испантілді америкалықтар да бұл сайлауда  Обаманы қолдайды. Бұл қауымдастық та, дәстүрлі түрде демократтарды жақтайды екен.

(ещё…)

Қазақ байының жынысын жақұт карточкасына қарап таны

Автор Askhat | в Шолу, Экономика | ноябрь 3rd, 2008
метки: нет меток

Әлемде экономикалық дағдарыс орын алып, батыс елдері жанталасып тығырықтан шығар жол іздеп жүр. Осындай сәтте тұманды Альбион елінің “Телеграф” газеті қазақтың атын шығарған Боратты қайыра еске алады.

Бұл жолы: “Бораттың елі гауһармен безендірілген несие карточка шығармақ” деген тақырыпта мақала жазыпты. ”Diamond” деп аталатын карточканың дәл ортасында 0,02 каратты гауһар тас болады екен. (ещё…)

“Блогосфераға арнау” әні

Post contains podcast.
Автор Askhat | в Үнхабар, Қазақ Блог | октябрь 30th, 2008
метки: нет меток
http://nurgisa.dosym.kz
Ойпырмай блогосфера қандай едің,
Сен бізден соншалықты шалғай ма едің?


Қазақ блогшыларының күн санап көбейіп келе жатқаны қуантады. Қазақ блогосферасына есімі жақсы таныс Нұрғиса Асылбеков таяуда Қазақ блогшыларына арнап “Блогосфераға арнау” атты ән шығарыпты. Тыңдап көріңіз!

Блогосфераға арнау

авторы және орындаушысы: Нұрғиса Асылбеков

Ойпырмай блогосфера қандай едің,
Сен бізден соншалықты шалғай ма едің?
Өрімтал өмір, өнер өрнектерін
Ғаламтор беттеріне жалғай бердің
Блоггерлер бәрі сен тұр, мен атайын,
Оқырман лимитіңді қамдай бергін! (ещё…)

 
icon for podpress  Стандартты үнхабар [4:32m]: Қазір ойнат | Жандандыр | Жүкте

Алтын көпір: Республика күні неге атаусыз қалды?

Post contains podcast.
Автор Askhat | в Шолу, Үнхабар | октябрь 28th, 2008
метки: нет меток

Кезекті үнхабарында Балғын Ерболқызы Республика күні қарсаңында жарыққа шыққан қазақ басылымдарына шолу жасайды.

“Өкінішке қарай, ұлттық басылымдар Республика күніне орай бір де бір мақала арнамапты”

дейді жүргізуші.

 
icon for podpress  Стандартты үнхабар [6:13m]: Қазір ойнат | Жандандыр | Жүкте
Следующая страница »