Тегін білім алу мүмкіндігі мен күдігі
“Қазақстанда жоғары білім тегін болуы керек” деген мәлімдемемен 12-мамыр күні бір топ ғалымдар баспасөз-мәслихатын өткізбекші. Қазақстан Баспасөз орталығы таратқан мәліметке қарағанда негізгі сөйлеушілер Орталық Азия университетінің қызметкерлері. Бір қызығы президент ректорларды ауыстырғанда нақ осы Орталық Азия университеті ауыс-түйістен аман қалған еді. Бәлкім ұлттық деген мәртебесі болмағандықтан тиіспеген болар деп топшылауға болады.
Сонымен “Қазақстан қазба байлықтарына өте бай және демографиялық әлеуеті төмен болғандықтан жоғары білімді тегін қылдырудың барлық шарттары бар”, - деп санаушылар мыналар:
Мақаш Тәтімов – Орталық Азия университетінің ректоры, саясат ғылымдарының докторы
Сәкен Өзбекұлы - Заң ғылымдары академиясының президенті, заң ғылымдарының докторы
Мұрат Телібеков – Орталық Азиядағы адам құқы жөніндегі Мұсылмандар комитетінің басшысы
Үсен Аманбайұлы – экономика ғылымдарының кандидатыҚұрбанәлі Юнусов – Қазақстан Мұсылмандары орталығының орынбасары
Тізімдегі бірінші мен үшіншінің нақты сол университетке қатысы барын білемін. Мені қызықтыратыны неліктен аталғандар осы мәселені нақ қазір көтеріп отыр? Қателеспесем, Мақаш Тәтімовтың жоғарғы жақпен байланысы жақсы. (ещё…)



.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)



