Click for latest discussions

Қазақ сарбаздарына қатысты құпия

Автор Askhat | в Қоғам, Қауіпсіздік | май 7th, 2008
метки: нет меток

Қазақстан қарулы күштеріне қатысты мәліметтердің дені мемлекеттік құпияға жатқызылғандықтан, әскери өмірдің ішкі жағдайларына қатысты деректерді тек жекелеген адамдардың аузынан ғана ести аламыз. Әкери борышты өтеу мерзімі бір жылға қысқартылғандықтан, қазір әскерилер арасында бір-біріне әлімжеттік жасау азайып барады деген деректер де бар. Десе де бұны растау мүмкін болмады.

(ещё…)

«Eni» компаниясының гранты

«Eni» компаниясы химия, өндірістік химия және экономика, физика мамандықтары бойынша  MEDIА  мастерлік курстарында оқуға 50 грант бөледі деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің сайты.

Толығырақ білу үшін сайтқа  барыңыз.

Қазақ тіліндегі блог статистикасы (2)

Бір төбе деп “MediaNet” Халықаралық журналистика орталығында оқып жүрген студенттердің блогы http://mediamektep.blogspot.com/ -да тіркелген блогтарды атауға болады. Қазір бұл блог уордпреске көшкендіктен жалпы тізімде қамтылмаған.

2007 қараша айында блоспотта студенттердің 12 блогы ашылды. Өкінішке орай олар жалғасын таппады.

Толығырақ мына жерде.

Сонымен жалпы блогтар санына қоссақ 75+12 = 87.

Осымен бірге 2007 жылдан бері жүргізілмеген блогтар саны да артады: 8 + 12 = 20

Қазақ тіліндегі блог статистикасы (1)

Өзім блог бастағалы 1 жыл болыпты. Осы соңғы жылдың ішінде талай блог ашылып, біраз адамдармен таныс-біліс болып жатырмыз. Сонда да қазақ тіліндегі блогтардың жалпы саны қанша деген сұрақ біразымызды қызықтырғаны сөзсіз.

Бұл блог статистикасын жасауға талпыныс деп түсініңіздер. Асхаттың , Бақытнұрдың және т.б. блогшылардың блогындағы тізімдерді салыстырып, блог туралы блогта бүгінгі күнмен есептегенде толық тізім жасауға тырыстым. Блогқа кіріп танысуларыңызға болады. Әлі ешкім өз блогында сілтеме бермеген блогтар болуы мүмкін (ондайларды білсеңіздер сілтемесін жазып жіберіңіздер ).

Сонымен, бүгін блог туралы блогта тіркеліп тұрған қазақ тіліндегі блогтар саны 75.

Оның ішінде:

wordpress.com – 33

blogspot.com – 29

livejournal – 3

blog.ru – 1

жеке домені барлары – 9.

Толығырақ мына жерде

Осыдан келіп сұрақ туындайды: Неге қазақ тіліндегі блогтар өте аз?

Қазақ қазақпен қашан қазақша сөйлеседі?

Автор Askhat | в Қоғам, Қазақ тілі | май 4th, 2008
метки: нет меток

Елбасының қазақ тіліне қатысты айтқан сөздерін аузынан қағып алатын көпшілік «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» дегенін әу баста, қуана қабылдап еді. Қазақтар түгел қазақша пікірлесіп, мемлекеттік тіл мәртебелі тағына жайғасатындай болып көрінген. Уақыт өте келе жағдай таз қалпына түсті. Қазақпен орысша сөйлескендер сол күйі орысша сөйлесіп, тек ауық-ауық қана «қазақша сөйлесуге болатынын еске түсіреді.
Дос КӨШІМ, “Ұлт тағдыры” қозғалысының төрағасы:
Елбасының өзі егер барлық ресми сөздерін қазақ тілінде жолдаса, арам ниеттілердің бәрі де қазақша сөйлеп кететін еді. Басшы не істесе, қосшылары соны қайталауға тырысады. Істемегені басшыға кереғар жұмыс істеген сияқты болады. Сондықтан президент әуелі өзінен бастағаны дұрыс. Әлі күнге дейін халыққа арнаған жолдауларының басы қазақша басталады да, аяғы орысшамен аяқталады. Президент ерлік жасап, барлық іс әрекеттерін қазақша жүргізсе дұрыс болар еді.

Президентке ақыл айтқандай болып көрінуім мүмкін, мынадай ұсыныс айтқым келеді: соңғы уақытта орыстар қазақ тілін тезірек үйренсін десек, олармен қазақша сөйлесуіміз керек. Егер біз олармен орыс тілінде сөйлессек, оларға жасаған қастандығымыз, қазақ тілін білмесін дегеніміз болар еді.

Бекжан ТОЛЫБАЙ, қаржыгер:
Мен білетін басқа ұлттар - ұйғыр, түрік, өзбек азаматтар, қазақшаны кейбір қазақ азаматтарынан да жақсы біледі. Олардың қазақ тілінің ресми тіл болуына деген ешқандай қарсылығы жоқ.

Орыстар да қазақша жақсы біледі, түсінеді. Бірақ, қазақ тілінің орыс тілінің орнына ресми тіл болуын қаламайды. Неге? Себебі, олар мәртебесі жоғалған орыс тілімен бірге, өздерінің де мәртебесінің жоғалатынын біледі.

Ал бүгін олар қазақтарды, Ресей империясының азаматтары сияқты, әлі күнге дейін “бұратана”, “мәдениетсіз” деп танытуға құлшынады. Осы арқылы қазақтардың бойында “олқылық комплексін” тудырып отыруға құлшыныс танытуда. Осы арқылы олар орыс тілінде сөйлейтіндерді “жоғарғы класc”, қазақтілділерді “төменгі класc” деп бөлуге тырысады. (ещё…)

Қостанайдағы қызыл Кеңестің көлеңкесі

Автор Askhat | в Суреттер, Сапар суреттері, Қоғам, Сырт көз, Тарих | май 4th, 2008
метки: нет меток
Ыбырай атамыздың не себепті ашулы екенін түсіну оңай болар


Қостанайда жүргенде мені кеңес одағынан қалған ескерткіштердің әлі күнге дейін қаланың орталық көшелерінде міз бақпай тұрғаны таңқалдырды. Сонымен қатар қазақ тіліндегі республикалық газеттерді қала ішінде іздеп табу өте қиын екен. Мына суреттегі батырлардың кім екенін, тарихта қандай ерлік жасағанын, қазақ халқына жасаған қандай жақсылығы барын да білмеймін.

Менің ойымша, қала орталығында қазақ халқының ерлігі мен батырлығын дәріптейтін тұлғалар тұруы қажет. Ал кеңестің көлекесінде қалғандарды тарих ретнде мұражайға өткзсе дұрыс деп ойлаймын.


http://www.ng.kz/cgi-bin/cms/view.cgi?id=7861&print=1
Қызыләскердің басшысы болған Таран осы өлкеде Орыс империсының орнауына аянбай тер төккен


Бұл Беда қазақ жастарына Отанына деген махаббат сыйлай ма?


(ещё…)

Көршілердің көңілі

Автор Askhat | в Қоғам, Орта Азия, Сырт көз, Қауіпсіздік, Саясат | май 4th, 2008
метки: нет меток

Ыстықкөлдегі шипажайға байланысты қырғыздар, қазақ мәдени орталығына байланысты өзбектермен арада туындаған түсінбестіктің салдары немен тынары әзір белгісіз. Ресми мекемелер аталған жайтты талқылауға құлықсыз болғанымен, жаһантордағы жұрттың пікірі тым ащы естілуде.

Шындығында көршілеріміз қанша туласа да нәпақасын іздеп қазақ топырағына келіп, ырыздығын теріп жүргені рас. Қарапайым халықтың үлкен саясатпен ісі жоқ. Күнделікті нанын тауып, бала-шағасын жеткізсе болғаны. Бірақ саясат дегенін істетіп отыр.

Қазақтар өзбектерге, қырғыздар қазақтарға ашулы, өкпелі. Әрине жағдай тым күрделеніп кетті деуге болмас. Халықтың көп бөлігінің саясатпен ісі болмағандықтан дау-жанжалдан аман қалып отырмыз. Десе де бір бүліктің пісіп келе жатқанын халық аңғарып отыр.

Америка блогшылары не деп жатыр?

Автор Askhat | в Қоғам, Интернет, Сырт көз, Ислам, Ұлттық идея, Бауырластар, Uncategorized | май 1st, 2008
метки: нет меток

Блогтарды кезіп жүріп, Қазақстан туралы жиі жазып жүрген американдықтардың блогтарына кезіккенім бар. Бүгін солардың кейбіреулеріне тоқталсам деймін.

Миссионерлік

http://blog.gainusa.org/archives/138
Миссионер бойжеткендер қазақ бүлдіршіндеріне Евангелиеден сыйлық үлестіруде

Таңқалатын түгі де жоқ. Америка миссионерлері біздің елімізге емін-еркін келіп қана қоймай не істеп жатқандарын өз блогтарында ұдайы жазып тұрады. Мәселен, blog.gainusa.org блогында олардың осы аптада Алматыдағы жетім балалар үйіне барғанын, Інжіл сыйлап, кішкентай балаларға Евангелие қорғап жүрсін деп “білезік” тағып кеткенін жазыпты. Жетім балалар үйінің басшысы олардың берген кітаптарын оқудан бас тартса да алыпты (Осы орайда қазақ блогшылары неге жетім балалар үйіне бас сұқпайды деген сұрақ туды).

Десе де, Құдайдың көмегімен біз сыртта ойнап жүрген балаларды көріп, ойнауға мүмкіндік алдық. Сонымен қатар біз кейбір ақыл-есінде ақауы бар нәрестелердің қолынан да ұстап көрдік. Олардың көпшілігі әлі де кішкентай, сүп-сүйкімді. Олар өте кішкенай болғандықтан госпел (евангелия) сыйлығын бере алмадық, есесіне госпел білезіктерін бердік, - деп жазыпты.

Білім

(ещё…)

Runet-те қашанғы шырмаламыз?

Автор Askhat | в Ғылым, Интернет, Ұлттық идея, Қауіпсіздік, Саясат, Білім, Қазақ Блог | апрель 27th, 2008
метки: нет меток

Қазақстанда интернетті дамыту үшін бюджеттен бөлінген ақшаның бір бөлігі ресейліктердің қалтасына кететін болды. Қазақ интернетінің іздеу торабын дамыту үшін билік ресейлік мамандардың көмегіне жүгінбекші.

Өзге елдің өніміне мұқтаж болған елдің 5 пайызы ғана компьютер тілін түсінетін болса, оның IT нарығына да шетелдіктер қожалық ететіні заңдылық. Отандық IT индустрияның дамымай жатқандығынан қазақтың виртуалды кеңістігі әлі де болса, ресейдің шырмауынан шыға алмай отыр. (ещё…)

Қостанайдағы семинардан суреттер

Автор Askhat | в Суреттер, Жастар саясаты | апрель 26th, 2008
метки: нет меток
http://qusmurun.wordpress.com
Біздің де блогқа бас сұғып тұрыңдар


http://korkem.wprdpress.com
Пароль құрастыру қандай қиын еді…


aika1.wordpress.com
үзілісте тәтті шәй ішкенге не жетсін :)


http://neweurasia.net
… түсіндіріп жатыр, түсіндіріп жатыр


http://massagan.com/qazaqblogtary.php
Мәссаған! Қазақ тілінде блогтар не деген көп еді…


Следующая страница »